Маңғыстауда күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайы белгілі болды
Жүкті әйел есіни жиып, әлі де емін алып жатыр
Маңғыстауда күйеуі жұрттың көзінше пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, бүгінде әйел есін жиған. Бірақ әлі де емін жалғастырып жатыр.
«Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілігін сақтап қалдық, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды. Емдеу шаралары жалғасуда»,-деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Маңғыстауда ер адам көпшіліктің көзінше әйелін пышақтаған еді. Соққы жасаған кезде әйел жүкті болған.