«Сынақтарды сабырмен еңсереді»: Қайрат Нұртастың келіні әншінің басынан өткен ел білмейтін қиындықтарды айтты
Қайын ағасының өмірдегі сынақтан сүрінбей өтіп келе жатқанын жеткізді
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні Әйгерім Саркенова қамауда отырған қайын ағасы Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйгерім Саркенова Қайрат Нұртастың басынан өткен әділетсіздіктерді атап, оған денсаулық тіледі. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Қоғамдық орындарда бейтаныс адамдар келіп, отбасымызға қолдау білдіріп жатыр. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Бұл кезекті сынақ деп қабылдаймыз. Осы жеті жыл ішінде ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өтті. Сынақтарға қарсы иммунитеті қалыптасып кеткен. Ол кісіге қарағанда ата-анамыз қатты уайымдап отыр. Өз еліңді мойындату оңай емес екенін енді түсіндім. Ағамыз жайлы ел арасында түрлі негатив пен даулы мәселелер айтылып жатса да, ол оның ешбіріне мән бермей, барын салып еңбектеніп, халыққа өзін дәлелдеп тастады. Ол кісіден үйренетін жақсы қасиеті бар. Ағамыз басына қандай жағдай түспесін әркез бәрін жымиып қарсы алады. Өмірлік сынақтарды сабырмен еңсереді. Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", - деп жазды Саркенова.