Ақтау қаласының әкімі болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды
Ол 2023 жылдан осы күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды
Ақтау қаласына әкім болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ал осыған дейін Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кетті.
Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы 21 мамырда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша, 2003 жылы Халықаралық еңбек академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша үздік бітірген.
2023 жылдан осы күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.