Арулар

«Күйеуім бар, бірақ бөтен еркектер ұнайды»: келіншек құқық қорғаушыдан ақыл сұрады

Анам мені туғанша әр еркекпен жүрген

Төрт баласы бар келіншек күйеуі бола тұра өзінің басқа еркектерді қалап тұратынын айтып, көпшіліктен кеңес сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агентті.

Айтуынша, анасы өзіне жүкті кезінде өзге еркектермен кездескен. Бұл туралы хатты құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Мен анамның құрсағында болған кезде анамның әр еркектермен жүргені маған қандай әсері бар? Анам мені туғанша әр еркекпен жүрген деген! өзімді жаман сезінемін, мен іште жатқанда неге олай істеді? деп дәл сол кездегі жағдайлар менің туа бітті мінезіме әсер ете ме? 3 бауырмыз, үшеуміз әр еркектен емеспіз ба деген ойлар маза бермейді. Күйеуім бар бірақ еркектер ұнайды. Алла өзі кешірсін білем дұрыс емес. Мені сөкпеңіз осы жағдайға не ой айтар едіңіз өтініш. 4 балалы анамын. Көрген еркектер төсекке шақыратыны өтірік емес, бірақ ондайға барған емеспін. Бірақ ойымда сондай нәрселер жүреді», - дейді келіншек.