Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады
Тамыз айында Конституция күніне орай қазақстандықтар демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 3 күн қатарынан демала алады. Жұма - 30 тамыз, сенбі - 31 тамыз және жексенбі - 1 қыркүйек демалыс кұндері болып есептеледі. Тамызда барлығы 10 демалыс күні бар.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамызда демалады. Бірақ 31 тамыз жұмысқа шығып, 1 қыркүйек қайта демалады. Осылайша, аптасына 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында 5 күн демала алады.