Ақтөбеде тағы бір ауыл жойылуға аз тұр
Қазір ауылда суға кеткен 25 үй иесінің тең жартысына жуығы көшуге шешім қабылдаған
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр ауылы таратылуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір ауылда суға кеткен 25 үй иесінің тең жартысына жуығы көшуге шешім қабылдаған. Жергілікті әкімдік қалғанына Сарыоба жерінде салынып жатқан Нұра ауылына қоныстануға ұсынды.
Ырғыз ауданы бойынша Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарында тасқын су үйлерге кіріп, бұзды. Қазіргі кезде нұралықтар көшетін Сарыобада құрылыс жүріп жатыр. Ал Мамыр ауылында бір ай бұрын үй қағығы қағылғанымен, тұрғындар мен әкімдік бір тоқтамға келе алмай отыр.
«Мамыр ауылына қатысты шешім әлі толық шықпады. Жаңа оқу жылында мұнда 15 бала қалайын деп тұр. Сол 15 оқушыға 1, әрі кеткенде 2 мұғалім сабақ береді. Ауылда 22 мұғалім болса, соның 20-сы жұмыссыз қалайын деп тұр. Жұмысы жоқ адам көшкісі келеді. Ол жаққа жаңадан үй салғанымен қайта көшіп кетсе, тиімсіз шешім болады. Осы жайтты аудан әкімі халықпен кездесуде түсіндірді. Тұрғындар алғашқыда көшеуге келісім беріп, қолхат да жазды. Сол бағытта жұмыс істей бастағанда қайта келіп, "ауылда қаламыз, ауылды жоғалтқымыз келмейді" деп жатыр. Ақтөбе облыстық білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет басқармасы өкілдерінің қатысуымен тағы да кездесу болады. Қайта ойланып, шешім шығарады», – деді Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Асқар Уәли.
Ырғыз ауданында барлығы 125 үй салынып жатыр. Сонымен бірге 33 үй сатып алынды. Ал 7 үй қайта қалпына келтіруге жарамды. Үй құрылысы жұмыстарын барлығы 16 мердігер мекеме атқарып жатыр.
Қазір Ырғыз ауданында барлығы 125 үй салынып жатыр. Сонымен бірге 33 үй сатып алынды. Ал 7 үй қайта қалпына келтіруге жарамды. Үй құрылысы жұмыстарын барлығы 16 мердігер мекеме атқарып жатыр. Айта кетейік, Мамыр ауылында барлығы 36 үй болды. Оның 26-і суға кеткен болатын.
«Мамыр ауылынан көшеміз деген адамдардың бір бөлігі аудан орталығы, бір бөлігі Сарыоба жеріндегі Нұра ауылына қоныс аударады деп келісілді. Сол келісім қалса деп ойлаймыз. Ал егер сол ауылда қаламыз десе, үй салып, құрылысты аяқтау қиынға соғады. Ұсыныстың айтылғанына, келісім бергеніне бір ай болды», – деді Асқар Уәли.