«4 күн қалды»: екінші дүкенін ашқан Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлын тағатсыздана күтіп жүр
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 шілде, 2024
- 1.9k
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге арналған екінші киім дүкенін ашты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Продюсер қамаудан ұлы шыққан соң салтанатты түрде дүкенін қайта ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
“Жәй ашып қоя салдық, қыздар жұмыссыз қалмасын деп. Қаншама адам нәпақасын табуы үшін жұмыс беру – ол да бір сауап. Балам келген соң толық реттеп, ашылуын жасаймын”, – деді Гүлзира Айдарбекова.
15 тәулікке қамауға алынған ұлы Қайратты тағатсыздана күтіп жүргенін жеткізді.
“Сіздерге түк емес екенін білемін. Біз ғой сағат санап жүрген. Ия айтуға бәрі оңай. Бірақ амал қанша, Алланың жазғанын көрерміз, ең қиын сынақ осы болсын деп тілейік. 4 күн қалды, арамызға аман-есен оралсыншы", "Қайратқа сабыр тілеймін, 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз”, – деп жазды ол.