«Бір тиын алған емеспін»: Төреғали Төреәлінің қарындасы өзін алаяқ дегендерге жауап берді
Ойын ойнатпаймын, ақша табуды үйретпеймін
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі ешуақытта ойын ойнатып, ақша табуды үйретпейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оның атын жамылып алаяқтық жасап жүргендердің бар екен. Бұл туралы жеке парақшасында бөлісті.
"Сенбеңіздерші! Мен ешқашан жеңімпаздардан бір тиын алған емеспін! Ойын ойнатпаймын, ақша табуды үйретпеймін. Барлық инфо тек менің парақшамда. Қолым тимей жүр, қолға аламыз алаяқтарды", - деді ол.