Қоғам

Адамдарды қойдың астынан өткізіп емдейтін емші пайда болды (ВИДЕО)

Ол сырқатына ем іздеп келген адамдарды қой арқылы емдейді-мыс

Желіде қоймен адамдарды емдеген емшінің видеосы тарап, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видео емшінің үйінің ауласында түсірілгені анықталды. Ол сырқатына ем іздеп келген адамдарды қой арқылы емдейді-мыс. Себебі жиналған көпшілік қойдың астынан жорғалап өтіп жатыр. Бұл емшінің емдеу тәсілі екен.

"Қойдың астынан жорғалап өтетін болсаң барлық ауруың жоқ болады. Адамдар топ-тобымен келіп жатыр", – дейді видео авторлары.

Ал жұртты сөзіне сендірген емші әже: "Егер қойдың астынан өтпесең, Алла сені ұмытады", - деп жатады дейді.