15 жастағы ақтөбелік балуан Азия чемпионы атанды
Ол 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады
16-17 шілде аралығында Тайланд, Шрирача қаласында өткен Азия чемпионатында Жаңажол Қуанышбек жеңіске жетті. Ол грек-рим күресінен өз салмағында топ жарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғап, финалда үндістандық балуанды 8:0 есебімен ұтты.
Жалпы 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатына 10 салмақ дәрежесі бойынша балуандар аттанды. Жас балуандары құрлық біріншілігіне Алмат Кебіспаев, Асхат Жаңбыров, Жарқын Тұрсынов сынды бапкерлер бастап барды.