Қоғам

«Көжектер көрсетемін»: белгілі журналист Түркістан облысында әжетханаға түсіп кеткен бүлдіршін туралы дерек айтты

Оны бір адам “Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін” деп шақырған

Белгілі журналист Түркістан облысында көршінің әжетханасына түсіп кеткен 3 жасар бүлдіршін туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, дәл осындай оқиға сол ауылда екінші рет қайталанған.Бұл жолы 5 жасар қыз жоғалып кеткен екен.

«Дәл қазір осы сауал Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылына үрей туғызуда. Естеріңізде болса, 16/05/24 осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын 3 жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай, 3-ші тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік, дегенмен, тергеу: жазатайым оқиға деп кінәлі жан табылмады.
Енді қараңыз, сол ауылда сол көшеде, марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда оны бір адам “Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін” деп шақырған. Ары қарай қорқынышты енді», - деп жазды журналист.