Саясат

Тоқаев екі заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.