Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұят енді»: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасты мойымауға шақырды

«Ұят енді»: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасты мойымауға шақырды
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой

Әнші Жігер Ауыпбаев 15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қатысты жазба арнады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ол өнердегі досына қолдау көрсетіп, болашақта досты дұрыс таңдауға кеңес берді.

“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жіберген, ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп не кетпейді?! Сен өте ақ көңіл жансың ғой. Ақ көңілділігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар