«Мәңгі өмірі басталды»: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек жазба жариялады
Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын
Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек қазіргі кезде қиын жағдайда екенін айтып, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол жақында туған анасын табатынына үміттенетінін жеткізді.
"Менің қымбатты достарым. Менің туған Отанымдағы достарым. Менің асырап алған анам қайтыс болды. Менің көңіл-күйім дұрысталған уақытта, соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын кеңейтілген бейнеролик түсіремін. Ал әзірге… мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін…", – деді ол желіде.