Қоғам

Алматыда дәмханалардың бірінде атыс болды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыдағы дәмханалардың бірінде ер адамдар арасындағы кикілжің туып, оның арты атыспен аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Төбелес кезінде олардың бірі травматикалық қару қолданған. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай ұсталды» және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленді. Істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.