Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қуаныштымын»: Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

«Қуаныштымын»: Қайрат Нұртас бостандыққа шықты
Сурет: Видеодан скриншот
Әншіні қамаудан шығарып алу үшін ата-анасы және достары барған

Басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, деп хаабрлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрдан әншінің темір тордан шығып, жақындарымен қауышқанын көруге болады. Ата-анасы оған арнайы Алматыдан ұшып келген. Олар тұңғышын қатты құшақтап, көз жасына ерік берді. Сонымен қатар Қайрат Нұртасқа бірқатар адам қолдау білдіріп келген.

Өнер иесі жақындарымен қауышқаннан соң бірден көлігіне отырып, кетіп қалған. Алайда басы дауға қалған ол өзінің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп үлгерді.

Денсаулығым, бәрі жақсы, шүкір. Рақмет, - деп қысқа қайырды ол жауабын.

Осы ретте әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да қуанышын жасырмады.

Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын, - деді продюсер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар