Калейдоскоп

Қазақстанның көп өңірлерінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр болады

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық сақталады

"Қазгидромет" синоптиктері 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасап, ескерту жасады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Алматыда күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жанғала ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.