Мәдениет
«Өз әлемінде бақытты»: Айгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты әңгімеге нүкте қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 шілде, 2024
- 19.5k
Әнші екеуі де жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді
Әнші Айгерім Қалаубаева актер Нұрлан Әлімжан екеуінің арасындағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің жеке парақшасында жазды.
«Қымбатты менің парақшамдағы асыл жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстырған нәрсе – өнер. Бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, Жаратқан Ием! Елім, ата-анам, ер-азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын, әмин», - деп жазды Айкерім Қалаубаева.