Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ешкімге қыздарыңды тастамаңдаршы»: келіншекті өз әкесінің інісі зорлап тастаған

«Ешкімге қыздарыңды тастамаңдаршы»: келіншекті өз әкесінің інісі зорлап тастаған
Шыңғырдым, айқайладым үстім қан болды, ол сүртіп түк болмағандай жатты

Ер адам мектептен келе жатқан өз ағасының қызын зорлап тастаған. Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышеваға келіншек хат жазып, мұңын шақты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, өзін зорлаған ағасы әкесімен әлі де араласады. Бірақ оның жасаған қиянаты туралы әлі күнге дейін ешкім білмейді екен.

«Мен басымнан өткен қиын жағдаймен бөліскім келеді. 7-ші сыныпта оқып жүрген кезім болатын, мама папам қызтау деп малда жайлауда алыс жақта жүретін. Мектептен қайтып келе жатқан едім, алдымнан әкемнің інісі ағайын шықты. Бетімнен сүйіп үйде жеңгең босанды. «Тамақ дайын кірсейші» деп шақырды, баламын қуанып жүгіріп үйге кірдім. Ешкім жоқ, жүгіріп есікке бардым. Ол жерде аға сымақ итеріп үйге кіргізіп білгенін жасады. Шыңғырдым, айқайладым үстім қан болды, ол сүртіп түк болмағандай жатты күліп. Әпкеме, ағама нағашыларыма, айтам дедім. Ол бүкіл ауылға жар салам деді, үйге жылап келдім өзім тұйық едім, үйдегілер сұрады не болды деп. Құлап қалдым дедім. Солай күндер өтті. Үйлендім ол да дұрыс болмады ұрды, соқты, шекті. Білгенін жасады, солай жүргенде тағы бір ағайын ағам кешке келіп білгенін жасап кетті», - дейді бағы ашылмаған келіншек.

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған ол кейіннен тағы тұрмысқа шығады. Алайда бұл жолы өз бақытын таба алған. Қазіргі кезде бір баласы барын айтады. Хаттың иесі әйелдерге қыз балаларын жалғыз қалдырмауға кеңес береді.

«Айтатын адам жоқ, зар жылап өлгім келді. Неге қыз баласына қиын екен, бала кезде әкемнін туған бауырлары да зорламақ болған еді. Құтылып кеткем, неге еректер тек бір тетікті ойлайды екен, тек сол керек. Қарындастарын солай жасаса жақсы ма бала өсіріп отырсыңдар, қыз баласын жылатып арын таптап тастап кетесіңдер, айтайын дегенім ешкімге ұл қыздарыңды тастамаңдаршы. Жолдасыммен он алты жыл тұрып ажырасып кеттім, ол қыздай қатын аламын деп үйге әкелді мен пәк болмадым бетіме баса берді. 16 жыл, екі бала тауып бердім. Қазір жақсы шүкір 7 жыл болды екніші некеден балам бар, ол сыйлайды артық сөз жоқ. Бақытты отбасымын. Бірақ сол аға сымақтар келіп шай тамақ ішеді бетсіздер, бетіне түкіріп жібергім келеді, беттеріне айтып тастағам талай, бірақ бет жоқ па араласады әкеммен. Қыздар баланы тастамаңдар ешкімге», - дейді хаттың иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар