Мәдениет

"Кезегі келді": әнші Argonya-ның сахнаға “мас күйінде” шыққан видеосы тарады (ВИДЕО)

Көпшілік оны бейәдеп сөздері үшін жауапқа тартуды сұрап отыр.

Эстрада әншісі, композитор Argonya сахнаға мас күйінде шығып, жұрттың ашуын тудырды.

TikTok желісінде әнші Argonya-ның Екібастұз қаласындағы концертте сахнаға мас күйінде шыққан видеосы тарады.

“Киелі сахнамызды қорлады”, “әншілердің бәріне не болған”, “Қайраттың жолын қуайын деген ғой” деген сынды пікірлер жазуда көпшілік.