Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр
Еріктілер мен полиция баланы екі күннен бері іздеп жатыр.
Семейде екі күннен бері 9 жасар баланы іздеу жұмысы жүріп жатыр, деп жазады Kyn.kz.
Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.
Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.
Абай облысының полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шыққан және қазіргі уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Маненов Алинұр Ерланұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасайды.
Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.