Астанадан Баян-Өлгейге бара жатқан автобус түгі қалмай өртеніп кетті
Салонда 50 адам болған, оның 15-і бала, барлығы өз бетімен эвакуацияланған.
Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан тұрақты автобус РФ Алтай Республикасы аумағында өртеніп кетті.
Оқиға 20 шілде күні таңғы сағат Астана уақытымен 04:13-те РФ Алтай Республикасының аумағында болған.
Моңғолияға бет алған автобустың салонында 50 адам отырған, оның 15-і бала, барлығы өз бетімен эвакуацияланған.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алтай Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram каналы.
Өрт сағат 05:15-те өрт сөндірілді. Жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.
Алтай Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram каналының хабарлауынша 20 шілде күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:13-те (Астана уақытымен 04:13-те) тұрақты автобустың өртенгені туралы хабарлама түскен. Автобус Астана – Баян-Өлгей (Моңғолия) бағыты бойынша жүріп бара жатқан.
"Салонда 50 адам болған, оның 15-і бала, барлығы өз бетімен эвакуацияланған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Көлік қозғалысы шектелген жоқ. Жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.