Төреғали Төреәлі әйелінің туған күніне қымбат сыйлық берді
Әнші әйеліне нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін сыйлады
Әнші Төреғали Төреәлі жарының туған күніне ерекше сыйлық тарту етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Туған күнді отбасымен бірге қарсы алған.
“Кезінде келінімізге көлік мінгіздік. Енді туған күніне әрі Төреахметімізді дүниеге әкелгені үшін деп Төреш үшеуміз барып сыйлық алдық. Мен таңдадым, енді келінім ұната ма, ұнатпай ма білмеймін. Көрейік енді" ,– деп әншінің анасы сыйлығын көрсетті.
Әнші әйеліне нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін сыйлады.
«Келіні де енесі де керемет жандар. Ене мен келін деген осындай ақ болсын», Жеңгемнің мойны алтынға тола берсін, “Әулет деген осындай болуы керек”, деп жазды желі қолданушылары.