Маңғыстауда мектеп директоры мұғалімдерден заңсыз ақша жинаған
Мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген
Маңғыстауда мектеп басшылығы ай сайын қызметкерлерден ақша заңсыз жинаған деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оны «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы жүзеге асырған.
Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.
Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.
Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.