«Біздің күйеуіміз жоқ»: Мақпал Жүнісова өзін кемпір дейтіндерге ренжіді
Шалы бар әйелдерді кемпір десе жарасады
Әнші Мақпал Жүнісова өзін кемпір деп атайтындарға ренішін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, күйеуі жоқ әйелге кемпір деп айты дұрыс емес.
“Бізді кемпір деп айтып қалып жатқандарды көреміз. Шалы бар әйелдерді кемпір десе жарасады. Оның үстіне шалы да, “Әй, кемпірім” деп шақырады. Біздің күйеуіміз жоқ. Сондықтан бізді “Қыз-ау” дегендерің дұрыс. Сол сөз де өзімізге ұнайды. Ауыз өзімдікі деп айтады ғой. Мысалы, менде де ауыз бар, жанымнан өтіп бара жатқан әр замандасқа “әй кемпір” десем дұрыс болмайды. Мені сол үшін балағаттауы да мүмкін. Мен ішімнен ғана тынамын да қоямын әйтеуір”, – деді әнші.