Мәдениет

"Қалтасындағы бар ақшасын халыққа берді": Зайытовқа кәсіпкер көлік мінгізді (ВИДЕО)

Ақынның костюміне халық таласып қалды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа Ақсуатта кәсіпкер  көлік мінгізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей желідегі парақшасында жазды.

Асыл бесік – Ақсуат спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді, – деп жазды Дулат Тастекей.

Желі қолданушылары «Елім деген ерге, не берсе де жарасады. Сый құрметке әбден лайықты азамат, аман болсын!», «Бірін-бірі батыр дескен, пейілдеріңнен айналдым, анадан арда туған азаматтар!», «Елім деген ер барда, ерім дейтін ел табылады», «Сыйлаған деген осы. Жарайсыздар!» деп құттықтауларын жолдап жатыр.