"Келінім аман-есен босанып": Абай Бегей немерелі болды
Өткен жылы күзде әншінің ұлы Жалғас үйленіп, үлкен той жасаған болатын
Белгілі әнші Абай Бегей немерелі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылы күзде әншінің ұлы Жалғас үйленіп, үлкен той жасаған болатын. Енді жас жұбайлар сәбилі болып, Абай Бегей немере сүйді. Бұл туралы қызы Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында бөлісті.
“Аллаға сансыз шүкір! Уфф деп келінім аман-есен босанып, бөпесін бауырына басып, жеңілдеп мәз болып жатырмыз. Босанам дегенше апаның жарысқазаны да пісіп, перзентханаға әкеліп берді. Дәл қазір жас ананы сорпалатып отырмын”, – деп жазды ол.