Алматы облысында ауыл әкімі мен тұрғын төбелесті
Ауыл тұрғындарының бірі бекітілген бас жоспарға наразылық танытқан
Алматы облысында округ әкімі мен тұрғын жанжалдасып қалды, деп хабарлайды "KYN.KZ" ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға Тұздыбастау ауылдық округінде орын алған. Облыс әкімдігі мәлімдеме жасады.
Ауыл тұрғындарының бірі бекітілген бас жоспарға наразылық танытқан.
"Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар аудандық полиция басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізілуде. Әкімнің кінәсі дәлелденсе, оның әрекеті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады. Ал тұрғын қосымша түсініктеме алу үшін 23 шілдеде аудан әкімінің аппаратына шақырылды", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.