«Маған система құйып жатыр»: Алматыда арықтаймын деп қаза болған мұғалім туралы тың дерек шықты
Марқұм ота жасалғаннан кейін бірден жағдайын айтып, күйеуіне хабарлама жазған
Алматыда арықтаймын деп ажал құшқан ұстаз туралы жаңа дерек пайда болды. Ол бұл клиниканы 2-3 жылдан бері қарап жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы марқұм Құралай Батырханованың сіңлісі журналист Гүлмира Әбіқайдың YouTube арнасында берген сұхбатында айтты.
“Өзі болмысынан толық еді. Жатырына операция жасалғаннан кейін тағы тола бастады. Өзі де көп амал-тәсілдерін жасап жүрді. Кейіннен ішті операциямен алмасақ, болмай бара жатыр дегендей айта бастады. Екеуміз интернет ақтарып клин каларды қарап, зерттей бастадық. Тауып барған клиникамыз сол еді. Дәрігерлермен таныстық. Басқа адамдарға да жасалған екен, соларды оқыдық. Өзі қуанып, сөйтіп келістік. Бұл клиникаға ешқандай күмән болмады. Клиникаға маусым айының басынан хабарласа бастадық. Кейіннен кеңес алуға дәрігерге бардық. “5 келідей май аламыз. Ары қарай өзінен-өзі арықтай бастайды” деді дәрігер. Біз сендік”, - дейді марқұмның сіңлісі Сәулет Батырхан.
Марқұм ота жасалғаннан кейін бірден жағдайын айтып, күйеуіне хабарлама жасаған.
“Ота таңғы 7:45 шамасында жасалған. Операция біткен уақытта 12:42-де палатаға жатқызған. Сол уақытта күйеуіне «Қайрат, мен операциядан шықтым. Бірақ өз-өзіме әлі келе алмай жатырмын» деген хат жазған. Сосын ситеманың суретін жіберген. «Мына кісілер маған система құйып жатыр. Бірақ маған ешкім ешнәрсе айтып жатқан жоқ» деген. Сол уақыттан бастап үзілді. Біз қайта-қайта хабарластық, 13:00-де, 15:00-те жаздық. Кешкі сағат 17:00-де біз дабыл қағып клиникаға хабарластық. Сағат 20:00-де әпкеміздің телефонынан дәрігерден “Жағдайы ауыр” деген хат келген. Барлығымыз сол жақта жиналдық. Бізге ештеңе айтпады әртүрлі диагнозын айтты. Анализдерін тапсырғанда барлығы дұрыс болған. Тек бүйрегінде киста бары анықталды. Бірақ олар ота жасауға оның ешқандай қатысы болмайды деген болатын. Анық ештеңе айтпады, жедел жәрдем өзіміз шақырдық. Ары қарай полицияға хабарластық», - де йді марқұмның екінші сіңлісі.
Айтуынша, кли никаның атауы басқа және лицензиясы бөлек болып шыққан. Марқұм дәрігерге қатты сеніп барған екен.
Алматыда арықтаймын деп ажал құшқан ұстаз туралы жаңа дерек пайда болды. Ол бұл клиниканы 2-3 жылдан бері қарап жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы марқұм Құралай Батырханованың сіңлісі журналист Гүлмира Әбіқайдың YouTube арнасында берген сұхбатында айтты.
“Өзі болмысынан толық еді. Жатырына операция жасалғаннан кейін тағы тола бастады. Өзі де көп амал-тәсілдерін жасап жүрді. Кейіннен ішті операциямен алмасақ, болмай бара жатыр дегендей айта бастады. Екеуміз интернет ақтарып клин каларды қарап, зерттей бастадық. Тауып барған клиникамыз сол еді. Дәрігерлермен таныстық. Басқа адамдарға да жасалған екен, соларды оқыдық. Өзі қуанып, сөйтіп келістік. Бұл клиникаға ешқандай күмән болмады. Клиникаға маусым айының басынан хабарласа бастадық. Кейіннен кеңес алуға дәрігерге бардық. “5 келідей май аламыз. Ары қарай өзінен-өзі арықтай бастайды” деді дәрігер. Біз сендік”, - дейді марқұмның сіңлісі Сәулет Батырхан.
Марқұм ота жасалғаннан кейін бірден жағдайын айтып, күйеуіне хабарлама жазған.
“Ота таңғы 7:45 шамасында жасалған. Операция біткен уақытта 12:42-де палатаға жатқызған. Сол уақытта күйеуіне «Қайрат, мен операциядан шықтым. Бірақ өз-өзіме әлі келе алмай жатырмын» деген хат жазған. Сосын ситеманың суретін жіберген. «Мына кісілер маған система құйып жатыр. Бірақ маған ешкім ешнәрсе айтып жатқан жоқ» деген. Сол уақыттан бастап үзілді. Біз қайта-қайта хабарластық, 13:00-де, 15:00-те жаздық. Кешкі сағат 17:00-де біз дабыл қағып клиникаға хабарластық. Сағат 20:00-де әпкеміздің телефонынан дәрігерден “Жағдайы ауыр” деген хат келген. Барлығымыз сол жақта жиналдық. Бізге ештеңе айтпады әртүрлі диагнозын айтты. Анализдерін тапсырғанда барлығы дұрыс болған. Тек бүйрегінде киста бары анықталды. Бірақ олар ота жасауға оның ешқандай қатысы болмайды деген болатын. Анық ештеңе айтпады, жедел жәрдем өзіміз шақырдық. Ары қарай полицияға хабарластық», - де йді марқұмның екінші сіңлісі.
Айтуынша, клиниканың атауы басқа және лицензиясы бөлек болып шыққан. Марқұм дәрігерге қатты сеніп барған екен.