Павлодарда 12 жасар оқушы қыз босанды.Мектеп директоры жұмыстан кетті
Қазірге баланың әкесі кім екені белгісіз.
Павлодар облысында кәмелетке толмаған қыз бала сәбилі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жасөспірім бір айдан кейін 13 жасқа толады. Ол 19 шілдеде қыз бала босанған, баланың әкесі белгісіз.
«Оқиғаны мектептің өзі анықтады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Бөлім жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды», — деп жауап берді облыстық білім басқармасынан.
Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалған. Балалар омбудсмені бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Қылмыстық іс өндірісте. Қазіргі уақытта сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Зәкиева.
Жаңа туған нәресте қазір анасының жанында екені анықталды.