Қоғам

Бишімбаев колонияға жеткізілді

Сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды

24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

"Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88 - бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Кодекске сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.