«Бүкіл халық жылады»: қазақстандық спортшы жарысқа 3 сағат қалғанда анасынан айырылғанын білді (ВИДЕО)
Жеңісін жарыс алдында 3 сағат бұрын о дүниеге аттанған анасына арнады
Жекпе-жек шебері Ернат Түгелбеков жеңіске жеткеннен кейін көз жасына ерік берді. Үш сағат бұрын ол анасының көз жұмғанын естіген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы Алматыдағы ұрыста ресейлік Кирил Самбросты ойсырата жеңді. Жеңісін жарыс алдында 3 сағат бұрын о дүниеге аттанған анасына арнады.
«Осы жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Бірақ ақша керек дегендей шықтым. Анашым 7 жыл ракпен ауырған. Сізді жазылып кетсеңіз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. Анашым, қатты ауырды. Қыдыртайын деп едім», - деген боксшы жеңісін анасына арнады.