Мәдениет

"Есікті теуіп кіріп, қорқытады": Азамат Сатыбалды өзін кімдер қорқытып жүргенін айтты

Актер: кеше де қорқытты

"Қазақфильм" АҚ президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды өзіне қоқан-лоқы көрсетіп жүргендер туралы айтты. Өнер иесі әлдекімдер өзін күнде қорқытатынын жеткізді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Азамат Сатыбалды басшылық қызметке келгелі өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп жүргенін жасырмады. Актердің сөзінше, бірі ұялы телефонға хабарламалар жіберсе, енді бірі есігін теуіп кіріп қорқытады екен.

"Ондайдың талайын көрдім. Оған қыста да куә болдыңыздар. Авто кешен жасап жіберді деп сөккен еді. Әрбір сілкініс сені тазалайды. Мені күнде қорқытады.

Кеше де қорқытты. Бірақ мен қоян жүрек адам емеспін ғой. Мен өзімнің істеп жатқан жұмысымды білемін. Егер мен басқа адам болсам, мен қыста болған жағдайдан кейін, кешегі оқиғадан кейін қолымды бір сілтеп кетіп қалар едім.

Олай жасауға жағдайым жетеді. Бір қызметке тәуелді адам емеспін. Құдайға шүкір, сұранысқа ие актермін. Осылардың барлығы жан-жақтан талап жатқан кезде менде "спортивный интерес" кетті. Мен дәлелдеу керекпін, жұмыс істеу керекпін. Менде аманат бар. Аманатқа қиянат жасамау керек. Ертең ана өмірге барған кезде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек. "Не істедің?" деген кезде "барымды салдым" деп айту үшін жұмыс істеп, тоқтамауым керек екенін түүсіндім.