Күйеуі әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіреді: ІІМ-ге арыз түсті
Facebook қолданушысы Саида Кастанеда әншінің үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді
Әйелдерін күйеулері хиджаб кимегені үшін өлтіреді деген әнші Ұланғасыр Қамидің үстіне ІІМ-не арыз түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Facebook қолданушысы Саида Кастанеда әншінің үстінен өтініш білдіргенін мәлімдеді.
«Біздің "дәстүршіл" депутаттарымыз қандай да бір себептермен осы жанжалды азамат Ұланғасыр Камиге қатысты арыз жазбағандықтан, мен олар үшін жасадым! Бүгін е-өтініш арқылы ІІМ-ге ҚР ҚК 174-бабына сәйкес әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділікті қоздыру, әйелдерді/қыздарды өз күйеулеріның, бұрынғы күйеулерінің, жігіттері мен туыстарының күштеп өлтіруін, зорлық-зомбылық жасауын ақтау туралы мәлімдемелерін тексеру үшін өтініш жаздым», - деп жазды ол парақшасында.