Қоғам

Алматы облысында ер адам өз қыздарын зорлап келген

Зорлық-зомбылық, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және өлтіремін деп қорқытқан

Алматы облысында ер адам бірнеше жылдар бойы өз қыздарын зорлап келген. Сот оны кінәлі деп, үкім шығарды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Соттың анықтамасында айтылғандай, сотталушы 2010-2023 жылдар аралығында бірнеше рет өзінің жасөспірім және кәмелетке толмаған қыздарына қатысты зорлық-зомбылық қолданбай арсыз әрекеттерге барған. Олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлық-зомбылық, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және өлтіремін деп қорқытқан.

«Соттың үкімімен Ц. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 3-1-бөлігі, 2) тармақтарымен жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығы ескеріліп, кінәлі деп танылып, ауырлататын мән-жайлар бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ауданаралық соты.

Ал күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.