Мәдениет

«Бұйырған кетпейді»: Ерке Есмахан Раймды қалай қаратып алғаны туралы айтты

Уақыт өте келе бір-бірімізден алшақтағымыз келмейтінін түсіндім

Белгілі әнші Ерке Есмахан «Раймды қалай қаратып алдыңыз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Өнер иесіне оқырмандарының бірі “Райымды қалай қаратып алдыңыз?” деген сұрақ қойған. 

“Қыздар, неге өз бағаларыңыз төмен. Неге жігітті қыз қарату керек. Мейлі, ол үлкен, жас, атақты, бай болсын. Неге өз құндылықтарыңызды өздеріңіз түсіресіздер?! Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын. Біз 2018 жылы таныстық. Арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте келе бір-бірімізден алшақтағымыз келмейтінін түсіндім. Міне, қосылып, жанұя болдық. Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге түспейді. Сондықтан қыздар! Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді” деп өмір сүріңіздер!”, – деп жазды ол.