«Омыртқам сынып, екі аяғым істемей қалды»: ішкіш күйеуінен таяқ жеген әйел 20 жыл бойы зиратты паналаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 шілде, 2024
- 3.8k
Гүлмира Смайыл алып қашудың құрбаны болған. Ол 20 жыл бойы ішкіш күйеуінен қорлық көріп келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Airan ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты. «Хабар» арнасына Гүлмира Смайылды басынан өткен қиындығын баяндауға шақырған екен. Алайда, күйеуінің келетінін айтпаған.
«Ол жерде өтірік айтты. Бәрін маған жауып, өзін ақ қылып көрсетіп отыр. Айтқан сөздеріне күйіп кеттім. Ішімдегіні сол кезде шығарып алдым. Күйеуімді дым көргім келмейді. Омыртқам, екі аяғым істемей қалды. Сол үйге келеді-ау дегенде ношпа ішіп алып, тамағын істеп беретінмін », - дейді әйел.
Күйеуі алғаш үйленген кездері көп ішпеген. Кейіннен ішкілікке салынып, әйелін ұра бастаған.
«Жетісайда жұмыс істейтінмін. Өзбекстанда тұратын едік. Бір күні ата-анама барғанда мені алып қашып кеткен. Кемпірлер алдыма жатып, қалдырды. Келін болып қалдым. Кейін ақырында күйеуім ішіп кетті. Бойдақ кезінде де ішкен екен. Біріншімді тудым, қойып қалар деп жүре бердім. Енемнің қолында тұрамын. Ол бір ажыратпайтын еді», -дейді Гүлмира.
Әйелдің айтуынша, күйеуінен таяқ жеген кезде бала-шағасымен бірге бейіт басына қашып кетеді екен. Бір күні омыртқасы сынып, аяғынан жүре алмай қалған.
«Мазарға қашып кететін едік. Таң атқанда үйге келеміз. Кешке дейін тағы қашып кетеміз. Ұрады, дастархан басында адам құсап шай іше алмаймыз. Сау болсын, ішкен болсын бәрін лақтырып отырады. 20 жылдан бері адам құсап өмір сүрген жоқпын. Өмірім таяқ жеумен өттім. Көршілерім талай ажыратып алды. Кейін омыртқам сынып, жүре алмай қалдым. Сол кезде балаларымды қорғай алмай қалдым. Бір аяғым істемей қалады. Сөйтіп қашып кетейік деді балаларым. Әйтпесе жүре беретін едім. Соққыдан басым жұмыс істемей қалды. Қиыншылық көріп, қашып, мазарға баратын едік. Тірі адам тиіссе де, өлі тиіспейді ғой деп мазарда түнедік. Сөйтіп Астанаға қашып келдік. Туысқандарыма, ата-анама күйеуімнің ұрғанын ешуақытта айтқан емеспін», - дейді азап шеккен күндерін есіне алған әйел.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024