Қоғам

Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды

Қуанышты жаңалықпен сарбаздың әкесі бөлісімп, көпшілікке алғысын айтты

Отарда әлімжеттік көрген 19 жастағы мерзімді сарбаз есін жиды. Бұл туралы әкесі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты сарбаздың әкесі Тимур Жаналин хабарлап, көпшілікке алғысын жаудырды.

"Осы уақытқа дейін халыққа жария етуге батылымыз жетпеді. Қиын сәтте бізбен бірге жанымызда болып, қолдау білдірген, дұғада болған адамдар үшін жақсы жаңалығымызды бөліскіміз келіп тұр. Сіздердің дұғаларыңыз біз үшін үлкен көмек болды. Көп нәрсе айтуға болады, бірақ біздің эмоциямызды видеодан көре аласыздар", - дейді Тимур Жаналин. 

Айтуынша, сарбаз әлі де медициналық тексерістен өтіп, емін алады.