Қоғам

«735 084 теңге»: Павлодар облысында босанған 12 жасар қыздың отбасына үкімет үй сатып алуға қаржы берген

Қыздың отбасы Моңғолиядан ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысына келген екен

Павлодар облысында босанған 12 жастағы қызың отбасына үкімет үй сатып алуға қаржы бергені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Анықтағынымыздай, 12 жаста ана атанған қыздың отбасы Моңғолиядан ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысына келген екен.

«Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударып келгеннен кейін, бірінші Солтүстік Қазақстан облысына барған, кейін Павлодар облысы көшіп келген. Павлодар облысының қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 2020 жылы, отбасы мүшесінде 7 адам болып қосылған. Квота шеңберінде қоныс аудару шығындарын өтеу бойынша 1 225 140 теңге , сонымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін 735 084 теңге көлемінде қаражат төленді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.