Қоғам

26 жастағы бойжеткен жігітін 3 еркектің зорлағанын айтты

Ертең өз балама солай жасай ма деп қатты қорқамын

Бойжеткен тұрмысқа шыққалы жүрген жігітінің жағдайы туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша, сүйіктісін 3 еркек зорлаған.

Бұл туралы заңгер өзінің Ләззат Рақышева парақшасында бөлісті.

«Жасым 26-да ажырасқанмын. 1 ұлым бар. Келесі ай екінші рет тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Айтайын дегенім жігітімді 3 еркек зорлаған 2-3 жыл жыл бұрын. Жігітім әкесі бар бірақ өгей шешесі күн бермей аралары онша емес. Іздеп келетін ешкімі жоқ деген ба 3 еркек зорлаған. Жігітімде көп өтірік айтады көп рет өтірігі ашылды. Неге олай жасайсың десем өзімде білмеймін. Мені осы барымша қабылдай алмайсың ба деп қорқамын дейді. Қазір өзгерем деп өзгеріп жүр. Өтірік айтпайды. Көңіліме карайды. Өзі күндік жұмысшы. Тапқан акшасын теңдей маған бөліп беріп отырады. Естігенім бар бір зорланған еркек тағы соны қалап тұрады деп. Күмәнданам еркектермен содан кейін болды ма деп. Осы жерде зорланған 1 жігіттің оқиғасын оқып едім. Сол жігіттің жағдайы қалай болды екен, кызык маған. Ертең өз балама солай жасай ма деп қатты қорқамын. Тастап кетейін десем катты жаным ашиды. Ана махаббатын көрмей өскен. Менен мейірім аңсап тұрады. Сәл жақсы сөйлесем бала сияқты қуанып жүреді. Психологка апарайын сөйлесейін десем қаражат жағынан қиналып жатырмын»,- дейді автор.