Қоғам

Тарихи тұлғалардың ізі қалған мекен

Тұрғын үй нарығында 11 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келе жатқан SABA GROUP KZ компаниясы әу баста жастарға қолайлы әрі арзан үй салудан бастаған еді.

  Осы уақыт ішінде сапалы әрі жайлы 12 тұрғын үй кешенінің бой көтеруіне күш жұмсаған компания халықтың сұранысын дөп басып, ауқымын кеңейтті. Бүгінге дейін бірнеше нысанды өз уақытында тапсырған компания тағы бір кешен – Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесінің бойында орналасқан «Төлебаевтағы Центральный» клубтық үйін де сәтті бітірді.  

 Ауласы таза, атмосферасы ерекше үйден пәтер алу кез келген адамның арманы. Себебі, бұл елімізді басқарған тұлға Д.Қонаев тұрған, қазақтың маңдайалды қаламгерлерінің табанының ізі қалған тарихи мекен. Содан ба екен, пәтерлер аз уақытта сатылып, өз қожайынын тапты. Компания өкілдері  жанында әсем аллеясы бар, ауласы таза клубтық үйде небәрі 5 қана пәтердің қалғанын жеткізді.

  Шын мәнінде, «Төлебаевтағы Центральный» аты айтып тұрғандай, адамға рахат өмір сыйлайтын ғажайып үй. Демалыс орнын, серуендейтін саябақ іздеп әуре болмайсыз. Ауладағы су бұрқағы бар Альпі қалашығын, жасыл желекті саялап, үйдің дәл алдындағы жаяу жүргіншілер аллеясында сергисіз. Бұл да бір ерекше жайлылық пен тыныштық күйді сыйлайтыны сөзсіз.

  Ал клубтық үйдің ауласындағы балалар үшін арнайы жасалған алаңқайда ойын әткеншектері жайғасқан. Тағы бір айта кететіні, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үйдің қабырғасына «Сергек» камерасы ілінген. Бұл аулада ойнап жүрген балаларға бөтен адамдардың жолауынан, көліктерге зақым тиюінен сақтайды. Ең бастысы, көлік тұрақтайтын паркингте электромобильдерді қуаттайтын арнайы құрылғысы бар шағын бекет орнатылған.  
   

 Төлебаев көшесінің тұрғындары ондаған жылдар бойы бір-біріне бірегей мәдени эстафетаны табыстап келеді. Сол сияқты «Төлебаевтағы Центральный» клубтық үйінен баспана алғандар да осы атмосфераны сезініп, элиталық мәдениетті нығайта беретіні анық.