"Бұршақ, дауыл және жел": демалыс күндері ауа райы қандай болатыны анықталды
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон қалыптастыратындықтан, өткінші жаңбыр жауады.
27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтілуде.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды.