Арулар

12 жасында ана атанған қыз туралы тың деректер пайда болды

Оқушының анасы оқи да, жаза да алмайды екен.

Олар үлкен қызының болжамды жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мектеп мұғалімдерінен білді, сол күні заңды өкілдердің рұқсатымен жүктіліктің фактісін растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді.

Павлодар облысында 12 жастағы қыздың босанғаны туралы ақпарат біздің қоғамда үлкен талқыға түсті. Облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жағдайға қатысты тың деректерді айтты, – деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Оның айтуынша, ол Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиеваның тапсырмасы бойынша, толық емес 13 жасында ана атанған қыздың отбасы тұратын Галкино ауылына барған.

Қыздың отбасы 2019 жылы туыстарының шақыруы бойынша Павлодар облысы, Галкино ауылында қоныстанған.

Қазақстанда бұл отбасында тағы 3 бала дүниеге келген, қазір балалардың анасы 2022 жылы туған сәбиіне қарау үшін демалыста. Анасы оқи да, жаза да алмайды. Ол құжаттарға атын ғана жаза алады. Отағасы 6-сынып бітірген, ешқандай мамандық игермеген. Мектепте уақытша пеш жағушы болып жұмысқа орналасқан. Қазір  жұмыс істемейді, – дейді Сәуле Шәкенова.

Олар үлкен қызының болжамды жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мектеп мұғалімдерінен білді, сол күні заңды өкілдердің рұқсатымен жүктіліктің фактісін растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді.

Қыз дереу дәрігерлердің бақылауымен аудандық ауруханаға орналастырылды, онда ол 2024 жылдың 19 шілдесіне дейін болды.

Ауруханада мектеп басшылығы оқу жылының соңына дейін онлайн оқыту ұйымдастырған.

Оқушы 3 жарым ай бойы ауруханада болған кезінде киім, аяқкиім, азық-түлік мектептің педагог құрамының жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі міндет ерте жүктіліктің сәтті нәтижесі болды. Ол салмағы 3 360 грамм болатын дені сау қыз бала дүниеге әкелді, – дейді уәкіл.

12 жасында ана атанған оқушы перинаталдық орталықтан шығарылғаннан кейін сәбиімен бірге қайда орналасатыны жақын арада анықталады. Қыздың ата-анасы жыныстық зорлық-зомбылық туралы білмеген, тіпті күдіктенбеген.