Спорт

Абиба Әбужақынова Олимпиаданың ширек финалында жеңіліп қалды

Ширек финалда ол испаниялық Лаура Абелиндамен кездескен болатын.

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова ¼ финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі  Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қосымша уақытқа дейін созылған белдесуде испаниялық спортшы алға шығып, жеңісті жұлып алды. 

Енді Әбужақынова жұбаныш белдесуінде парагвайлық балуанмен кездеседі.