Мәдениет

250 мың теңге: Ерке Есмахан хит болған «Қайда?» әнін студенттен сатып алған

Ерке Есмахан әнді тыңдай сала сатып алған

Әнші Ерке Есмахан «Қайда?» әнін студент қыздан 250 мың теңгеге сатып алған6 деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әннің авторы Диана Исмаил Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтты. Айтуынша, ол «Қайда?» әнін сегізінші сынып оқып жүргенде жазыпты. Он жылдан кейін студияға алып барған.

«Негізі «Қайда?» әнін өзім жаздым. «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан едім. Ол кезде студентпін, бірінші курс оқимын. Ән, композитор іздей бастадым. Бірақ ол кезде қаражатым болған жоқ. Әндерімнің бәрін студияға алып бардым. Студияда өңдейді. Сол студияда Ерке әнді тыңдап отырып, сатып алғысы келетінін айтты. Америкаға музыкалық білімімді дамыту үшін оқуға кетейін деп қаражат жинап жүргенмін. Ал 250 мың теңге студент үшін үлкен ақша еді», – дейді Диана Исмаил.