«Уәде қайда?»: Төреғали Төреәлі сазгер Диана Исмайлға бірінші болып ұсыныс тастаған
Төреғали Төреәлімен сазгер бір жылдан кейін ғана хабарласыпты
Белгілі сазгер Диана Исмаил Төреғали Төреәлімен бірге ән шырқау үшін оны бір жыл күткен. Алайда, бірге ән орындауға ұсынысты әншінің өзі жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Уәде қайда?» әнін дуэт ретінде орындауға Диана Исмаилға әнші ұсыныс жасағанымен, бір жылдай жоқ болып кеткен. Бұл туралы сазгер Дианар Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Студияда осы әнді жазып бастап жатқанмын. Сол кезде Төреш менен "Мынау қандай ән?" сұрады. Сосын "Диана, мұны дуэт етіп жазсақ қалай болады?" деген ұсыныс айтты. Содан кейін жоқ болып кетті. Сол айтқаннан кейін хабарласпады. Мен ол кісіні бір жыл күттім. "Уәде қайда?" деп өзім хабарластым. Сіз менімен өлең айтамын деп едіңіз ғой. Мен шығарайын енді бұл әнді. "Босқа жата бере ме?" деп соңынан жүрдім. Сөйтіп, әнді жазып, бейнеклип түсірдік", - деді Диана Исмаил.