Саясат

ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Марат Қалқабаев 2013 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары болған

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетейік, Марат Қалқабаев 2013 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары болған.