Спорт

Семсерлесуден қазақ қызы алғашқы қарсыласын жеңді

Айгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде алжирлік Чайма Бенадуданы жеңді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Есеп: 15-9. Отандасымыздың 1/16 кезеңдегі қарсыласы - француз Манон Брюне (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы).

Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген. Сондай-ақ, ол семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.