Мәдениет

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Әлеуметтік желіде Астанадағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді шашынан сүйреп, аясуыз ұрып жатқан видео кеңінен тараған еді

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Еl.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, өткен айда әлеуметтік желіде Астанадағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді шашынан сүйреп, аясуыз ұрып жатқан видео кеңінен тараған еді. Kozachkov offside Telegram арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды.

Көп ұзамай Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.