«Чупа-чупс сияқты»: келіншек қайын інісінің 3 жасар қызына жасаған әрекетінен қорқып, заңгерден көмек сұрады
Қайын інім 3 жарым жасар қызыма әпшуін шығарып же деп айтыпты
Келіншек 10 жастағы қайын інісінің әрекетінен қорқатынын айтып, заңгерден көмек сұрады. Айтуынша, ол кішкентай бүлдіршінге ұятты жерін көрсеткен.
«Өзімді әрең ұстап әке-шешесіне тапсырғанмын. Әке-шешесі 1 -2 ауыз сөз айтты, шешесі шыбықпен 1-2 рет ұрып қоя қойды.
10 жаста қайын інім 4 сыныпты бітірген 3 жарым жасар қызыма әпшуін шығарып же деп айтыпты чупа чупсқой менікі депті. Мен сыртқа тірліктеріммен шығып кеткенмін. Ата-енем үйде балалармен отырған оларда екі қызымды сол қайныма тастап шығып кеткен екен. Түк болмағандай жүр мен айқайлап “тәрбие туралы айта бересіз ұрып тәрбиелемейсіз ба» деп айттым қыстырмайды да шешесі отыр түк болмағандай. Мен өз-өзіммен давление екі қызымды жеп бара жатырмын. Бала өтірік айтпайды. Менің үлкен қызым ақылды. Сырттан күтіп алып «маған әпшуімді же» деді. «Диванда жатты чупа-чупс менікі» деді деп айтты. Жолдасым қала арасында такси істейді. Ақыл керек», - деп жазды автор.
Әйел ендігіде екі қызын алып кеткісі келетінін, бірақ күйеуі оны түсінбейтінін айтады.
«Ойымның бәрі шашыраңқы. Мүлдем басым істеп тұрған жоқ, айғайлап нерв болып шығарып жатырм. Не істеймін кетіп қалғым кеп тұр. Ата енемде өңкей ұл бала. Осындай 10 жасар бала осындай жасаса одан үлкендеріне сенім жоқ. Маған ақылыңыз керек, күйеуіме жай айтып көрсем»,- дейді әйел.